#

# Жаңалықтар

Үндістаннан Қазақстанға алғашқы контейнерлік пойыз жөнелтілді

04.03.2025

 

“Кедентранссервис” АҚ, “Өзтемірйүлконтейнер” АҚ және “ТЛЦТ” ААҚ бірлесіп, 12 жиырма футтық контейнерден тұратын алғашқы жүк жөнелтілімін ұйымдастырды. Контейнерлер керамикалық плитка тиелген және Үндістанның Мундра портынан Қазақстанның Астана қаласындағы Сороковая станциясына бағытталған.

Пойыз Иран, Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Маршруттың жалпы ұзындығы – 1 585 км теңіз арқылы және 4 300 км теміржол арқылы.

Жеткізу уақыты шамамен 25-30 күнді құрайды (Бендер-Аббас портының жүктемесіне байланысты).

Бұл тасымал “Солтүстік-Оңтүстік” дәлізінің шығыс бағыты бойынша контейнерлік сервисті дамыту аясында жүзеге асырылуда. Аталған дәліз жеткізу уақытын айтарлықтай қысқартып, тасымал шығындарын азайтуға, сондай-ақ қатысушы елдердің экспорттық-импорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді.