#
КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

Компания туралы

Нарықта 20 жылдан астам

«Кедентранссервис» АҚ — Қазақстан Республикасында 20 жылдан астам уақыт көлік-логистикалық қызметтер нарығында логистикалық теминалдардың жетекші операторы болып табылады.

5000

фитингтік платформалар

Компания жүктерді терминалдық өңдеу саласында бірегей активтерге және құзыреттіліктерге ие, сондай-ақ "Достық" және "Алтынкөл" шекаралық станцияларында Қытайдан әкелінетін жүктерді тиеу бойынша көшбасшы орынға ие, 5000-нан астам фитингтік платформалармен жұмыс істейді, әртүрлі бағыттар бойынша контейнерлік тасымалдауды жүзеге асырады. Компанияның терминалдары Қазақстанның барлық өңірлерінде және ірі қалаларында орналасқан.

#
Бүгінгі таңда біздің компания Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де көлік-логистикалық қызметтер көрсететін толыққанды оператор болып табылады.

НЕГІЗГІ МИССИЯ:

Клиенттердің кешенді көліктік-логистикалық қызметтерге қажеттілігін жоғары сапалы және барынша тиімді қамтамасыз ету.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТЫ:

Бизнес ауқымдарының өсімі мен қызмет тиімділігін арттыру арқасында капитализацияны арттыру

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында «Кедентранссервис» АҚ-да «Перевозки» ИРС АТ бағдарламасы енгізілген, осының арқасында клиенттер үшін есептер процессі мен қызметтерді көрсетуді автоматтандыру, сонымен қатар «кешенді сервисті» құру және оны дамытуды ынталандыру мүмкіндігі туып отыр.

#

өкілдіктер

#

2012
ҚХР
Үрімші қ.

#

2013
Өзбекстан
Ташкент қ.

#

2017
Беларусь
Минск қ.

«Кедентранссервис» АҚ Достық, Алтынкөл шекара станциясында Қытайдан әкелінетін жүктерді артық тиеу бойынша Қазақстанда көшбасшылық орынға қол жеткізіп отыр.

серіктестік қарым-қатынастар

50

Орта және Оңтүстік-Шығыс Азия, ҚХР мен Еуропаның көліктік-логистикалық және операторлық компаниялары

КОМПАНИЯ КЛИЕНТТЕРІ

150

көліктік-экспедиторлық компаниялар

Бүгінгі таңда «Кедентранссервис» АҚ Орта және Оңтүстік-Шығыс Азия, ҚХР және Еуропаның 50 көліктік-логистикалық және операторлық компанияларымен серіктестік қарым-қатынастарды орнатып отыр.

Бұған қоса, клиенттеріміздің қатарында 150-ден астам көліктік-экспедиторлық компания бар.

Біздің серіктестерімізбен қызметтестікте Еуропа мен Азия аралығындағы көпір бола отырып, біз көліктік құзыреттілік пен әмбебап логистиканы құрастырудың орталығы атануға ұмтыламыз.