#
#

# Жаңалықтар

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті

07.09.2026

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Елжас ОтыншиевШанхай қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының көліктерминалдары мен Орта дәлізді цифрландыру саласындағы стратегиялықынтымақтастық туралы үшжақты негіздемелік келісім шеңберінде Global DTC Ltd Бас директоры Иеонг Уи Танмен және Shanghai International Port (Group) Co.,Ltd. вице-президенті және NIZE Intelligent Technology төрағасы Лю Чанманмырзамен жұмыс кездесуін өткізді. Келіссөздер барысында тараптарлогистикалық процестерді цифрландыру және көлік инфрақұрылымынжаңғырту саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерінталқылады.

Кездесудің негізгі бағыты бірнеше бағыттарға, соның ішінде TerminalOperating System-ді (TOS) енгізуге назар аударылып, терминалды басқарудыоңтайландыру үшін заманауи операциялық жүйені интеграциялаудыңпрактикалық аспектілері қаралды. Сондай-ақ тараптар теміржол станцияларымен порттарын цифрлық трансформациялаудың келесі кезеңін іске асыружөніндегі қадамдарды белгіледі. Бұдан басқа, транзиттік әлеуетті дамытумәселелеріне назар аударылып, Қазақстанның көлік инфрақұрылымыннығайтуға және өңірлік байланысты арттыруға бағытталған серіктестіктіңстратегиялық мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесуге қатысушылар бірлескен АТ-шешімдері мен озықтехнологияларды енгізу логистикалық тізбектердің тиімділігін едәуір арттыруғажәне негізгі маршруттарда жүктерді өңдеуді жеделдетуге мүмкіндік беретінінесенім білдірді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі