Жаңалықтар

«Кедентранссервис» «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын жалғастыруда

«Кедентранссервис» АҚ қоршаған ортаны қорғау, корпоративтік бірлікті нығайту және әлеуметтік жауапкершілікті арттыру мақсатында қызметкерлерді ортақ игі іске жұмылдыра отырып, республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын қолдауды жалғастыруда.

2026 жылғы 17 қазанда «Кедентранссервис» АҚ-ның «Астана» филиалының аумағында 70 ағаш отырғызылды. Бұл компанияның Қазақстанды көгалдандыруға қосқан кезекті үлесі болды.

2025 жылдан бастап экологиялық акциялар аясында компания қызметкерлері Астана, Алматы, Семей, Ақтөбе, Орал және Өскемен қалаларындағы филиалдар, бірлескен кәсіпорындар мен өндірістік алаңдардың аумақтарында, сондай-ақ Астана қаласындағы Президенттік саябақта жалпы саны шамамен 3 000 ағаш отырғызды.

Экологиялық бастамалар «Кедентранссервис» АҚ корпоративтік мәдениетінің маңызды бөлігіне айналып, ұжымның бірлігін, экологиялық жауапкершілік қағидаттарына адалдығын және елдің тұрақты дамуына үлес қосуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Отырғызылған әрбір ағаш — қоршаған ортаны сақтауға және Қазақстанның келер ұрпағы үшін қолайлы орта қалыптастыруға қосылған үлес.

‹ Барлық жаңалықтар

Самрұқ-Қазына e-Otinish