Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ — TransLogistica Kazakhstan 2026 көрмесінде

14–16 қазан аралығында Астана қаласында Қазақстанның көлік апталығы аясында 29-шы халықаралық TransLogistica Kazakhstan 2026 көрмесі өтуде.

«Кедентранссервис» АҚ — Қазақстандағы терминалдық инфрақұрылымның ірі операторларының бірі. Компания кешенді мультимодальды логистикалық шешімдер мен жүк ағындарын басқаруға арналған заманауи цифрлық технологияларды ұсынады.

Көрме тәжірибе алмасуға, іскерлік байланыстарды дамытуға және ынтымақтастық перспективаларын талқылауға арналған алаң болып табылады. A-24 стендінде компания мамандары келушілерді «Кедентранссервис» АҚ-ның қызметтері мен мүмкіндіктерімен таныстырады.

📍 EXPO халықаралық көрме орталығы, Астана қаласы

‹ Барлық жаңалықтар

Самрұқ-Қазына e-Otinish