#
#

# Жаңалықтар

Әке, ана, мен — спорттық отбасымыз! 🏆

14.09.2026

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да Отбасы күніне орайластырылған спорттық мереке өтті.

Іс-шараға 33 отбасы қатысып, үш команда құрамында жылдамдық, ептілік және командалық өзара іс-қимылға арналған спорттық сынақтардан бақ сынасты.

Қатысушылар қатарында «Кедентранссервис» АҚ қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері де болды. Олар спорттық жарыстарда командалық рухты, өзара қолдау мен белсенділікті көрсетті.

«Кедентранссервис» АҚ отбасылық құндылықтарды нығайтуға және корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған корпоративтік бастамаларды қолдайды.