#
#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ жылына 1000 контейнерлік пойыз жөнелтіп агрологистиканы күшейтуде

05.01.2026

 

2025 жылдың қорытындысы бойынша «Кедентранссервис» АҚ ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізудің логистикалық тізбегінде контейнерлік тасымалдарды дамыту және енгізу жөніндегі кешенді іс-шараларды іске асырды.

Жобаны іске асыру нәтижесінде агроөнеркәсіптік өнімдерді контейнерлік тасымалдау көлемі едәуір артты, жүктерді жеткізу мерзімдері қысқартылды, сондай-ақ заманауи логистикалық шешімдерді қолдану есебінен бизнес-процестерге қатысушылардың барлығы тарапынан жеткізілімдер бойынша міндеттемелердің уақтылы және тиісті орындалуы қамтамасыз етілді.

Жоба аясында 2025 жылғы 12 ай ішінде компания шамамен 1 000 контейнерлік пойыз ұйымдастырып жөнелтті, ал тасымалдардың жалпы көлемі 124 000 ЖФЭ-ні құрады.

Жобаны іске асыру ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау бойынша логистикалық мүмкіндіктерді айтарлықтай кеңейтуге, контейнерлік тасымалдардың тиімділігін және экспорттық-транзиттік жеткізілімдердің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Жаңа контейнерлік сервис көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мен агроөнеркәсіптік өнімдердің тұрақты жеткізілімін қамтамасыз етудегі маңызды кезеңге айналды. Жоба тасымалдардың сенімділігін арттыруға, жеткізу мерзімдерін қысқартуға және аграрлық нарық қатысушылары үшін ыңғайлы әрі тиімді логистикалық шешімдер қалыптастыруға бағытталған.

«Кедентранссервис» АҚ контейнерлік тасымалдарды дамыту, заманауи логистикалық технологияларды енгізу және саланың көлік әлеуетін нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.