Жаңалықтар
«Кедентранссервис» АҚ TransRussia 2026 халықаралық көрмесіне қатысты
«Кедентранссервис» АҚ 2026 жылғы 17–19 наурыз аралығында Мәскеу қаласында өткен TransRussia 2026 халықаралық көлік-логистикалық көрмесіне «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның біріктірілген стенді құрамында қатысты.
Көрме аясында Қоғам өкілдері көлік-логистика саласының қатысушыларымен бірқатар іскерлік кездесулер мен келіссөздер өткізіп, ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады, сондай-ақ саланың жетекші халықаралық және өңірлік компанияларымен тәжірибе алмасты.
TransRussia 2026 көрмесіне қатысу «Кедентранссервис» АҚ-ның әлеуетін таныстыруға, қолданыстағы серіктестік байланыстарды нығайтуға және жаңа іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік берді. Көрме компания қызметтерін ілгерілету және халықаралық нарықтағы танымалдылығын арттыру үшін тиімді алаңға айналды.
«Кедентранссервис» АҚ халықаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытуды жалғастырып, жаһандық көлік-логистикалық жүйедегі өз позициясын нығайтуда.

Жедел желі
