#
#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ «Industrial AI Acceleration 2025» бағдарламасының қатысушысы

25.12.2025

 

Astana Hub Қазақстан өнеркәсібінде жасанды интеллект пен цифрлық технологиялық шешімдерді енгізуге бағытталған «Industrial AI Acceleration 2025» бағдарламасының нәтижелерін қорытындылады.

Бағдарламаға тоқсан команда қатысты, оның ішінде жеделдету бағдарламасына 43 команда таңдалды, олардың 38-і корпоративтік клиенттермен жұмыс істей бастады. Соңғы демо күнінде 33 команда өз нәтижелерін ұсынды, бұл өнеркәсіптік сектор үшін жасанды интеллект шешімдерінің практикалық тиімділігін растады.

Бағдарламаға қатысу аясында «Кедентранссервис» АҚ корпоративтік және өндірістік процестерді автоматтандыруға бағытталған пилоттық жасанды интеллект жобаларын іске қосу туралы үш келісімге қол қойды. Пилоттық жобалар қазақстандық және халықаралық IT компанияларымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

«Кедентранссервис» АҚ серіктестерінің қатарында:

«Сандық инженерия және технологиялар институты» АҚ (Қазақстан),

Phoenix Dataworks Sociedad Limitada (Испания) және TemsSoft B.V. (Нидерланды) бар.

Пилоттық кезеңде шешімдер тегін ұсынылады, кейіннен масштабтау және өнеркәсіптік енгізуге арналған келісімшарттар жасау мүмкіндігі бар. Бұл жобаларды іске асыру компанияның операциялық тиімділігін, цифрландыруын және технологиялық тұрақтылығын жақсартады.