#

# Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шеңберінде «Кедентранссервис» АҚ қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті

27.06.2025

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің өкілдері Қоғам қызметкерлеріне жемқорлыққа қарсы заңнама, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары және этикалық стандарттарды сақтау бойынша түсініктемелер берді.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық қағидаттарын сақтау, әдепсіз әрекеттерге жол бермеу және әрбір қызметкердің ашықтық пен әділдікке жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

«Кедентранссервис» АҚ сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» саясатын ұстанып, комплаенс-жүйені нығайту бойынша кешенді шараларды тұрақты түрде жүзеге асыруда. Бұл Компанияның жоғары корпоративтік жауапкершілік пен ашықтық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.