Жаңалықтар

📜 Құрбан айт мейрамы құтты болсын!
06.06.2025
“Кедентранссервис” АҚ баршаңызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтайды!
Бұл мереке — мейірімділік пен кеңпейілдіктің, рухани тазалық пен адамгершіліктің жарқын символы. Құрбан айт күндері жүректерді біріктіріп, қоғамды татулық пен түсіністікке бастайды.
Осы нұрлы күн әр шаңыраққа амандық, бірлік пен бақ-береке әкелсін. Еліміздің игілігі жолындағы ортақ істеріміз табысты болсын.
Жақсылықтан үмітіміз үзілмей, болашағымыз нұрлы болғай!