Жаңалықтар

“Кедентранссервис” АҚ аллеясы: Қазақстанның жасыл болашағына қосқан үлес
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай және жалпыұлттық «Taзa Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында “Кедентранссервис” АҚ елордадағы Президент саябағында ауқымды көгалдандыру акциясын ұйымдастырды.
Компанияның 120-дан астам қызметкері тазалықты, күш-қуатты және тұрақтылықты
бейнелейтін қайың, жөке және үйеңкі ағаштарының 200 көшетін отырғызды.
Экологиялық акция – бұл тек Қазақстанды көгалдандыру мен абаттандыруға ғана емес,
сонымен қатар халықтың экологиялық мәдениетін тәрбиелеуге және қалыптастыруға қосылған үлес!
“Кедентранссервис” АҚ Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен
құттықтайды!
Сіздерге бейбітшілік, тұрақтылық пен амандық тілейміз!
Достық пен өзара құрмет еліміздің одан әрі гүлденуінің берік негізі болсын!