#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» пен Цзиньхуа терминалдық инфрақұрылымды дамыту жөнінде 3 келісімге қол қойды

24.04.2025

 

2025 жылғы 23-24 сәуір күндері Иу және Цзиньхуа қалаларында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Ерлан Қойшыбаевтың Иу қаласының мэрі Вэнь Цзяньфэймен, ҚКП Цзиньхуа қалалық комитетінің хатшысы Чжу Чунлемен және өңірдегі ірі сауда-логистикалық компаниялармен бірқатар кездесулері өтті. Кездесу барысында заманауи сауда жүк ағындарының үрдістері мен болашағы және тиімді, интеграцияланған логистикалық инфрақұрылым құрудың маңыздылығы талқыланды.

Қазақстан мен Қытайдың маңызды сауда-логистикалық тораптарын байланыстыра отырып, «Кедентранссервис» АҚ, Цзиньхуа көлік-инвестициялық тобы және Zhejiang China Commodities City Group Қазақстан мен Қытай аумағында терминалдық қуаттарды дамытуға бағытталған келісімдерге қол қойды.

Екі елдің ірі логистикалық хабтарының бірыңғай көлік базасын құру – сауда-логистикалық байланыстарды жаһандандырудың катализаторы болмақ.