#

# Жаңалықтар

Жүктерді «шаттл-тасымалдар» жүйесінің жедел пойызымен шоғырландыру және жөнелту

31.01.2017

«Кедентранссервис» АҚ көліктік қызметтердің жаңа түрін ұсынуға кірісті. Жылдың басынан бері компания «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бірге «шаттл-тасымалдар» жүйесінің жедел пойызымен шоғырландырылған жүктерді жөнелту/қабылдау жөніндегі эксклюзивті көліктік-логистикалық сервисті іске қосты. Сервистің аталмыш түрі негізгі өлшемдері жүк қатынасының жылдамдығы мен тұрақтылығы болып табылатын жүктердің шағын көлемдеріне ие клиенттер үшін бағытталып отыр.

Алғашқы кезеңде пилоттық жоба ретінде «Алматы — Атырау — Ақтау» маршруты таңдалған еді. Жүктерді «шаттлдық» жүйе бойынша жөнелту/қабылдау аптасына 2 рет (сейсенбі және жұма күндері) жүзеге асырылатын болмақ. Бұл ретте, контейнерлік пойыз жолының уақыты Алматыдан Атырауға дейін небары 3 тәулікті, ал, Ақтауға дейін 4 тәулікті құрайтын болады. Осындай тасымалдар маршруттарының географиясы мен бағытын кеңейту компанияның алдағы жоспарындағы жұмыс.

Жөнелтудің тұрақтылығы, жүктердің қауіпсіздігі мен сақтығы, құжаттарды рәсімдеу мерзімдерін қысқарту, сонымен қатар бәсекеге қабілетті тарифтерді орнату осындай көліктік-логистикалық сервистің басты артықшылығы болып табылады. Бұл өз кезегінде, әсіресе қысқа уақытта, клиенттерді автомобиль көлігінен теміржол көлігіне қайта бағыттауға септігін тигізері сөзсіз.