Жаңалықтар
Ынтымақтастық туралы меморандум «Кедентранссервис» АҚ, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, AS Tallinna Sadam, OÜ MGT Muuga Grain Terminal 🇰🇿🇪🇪 Қазақстан–Эстония бизнес-форумы
2025 жылдың 18 қарашасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эстония Президенті Алар Карис қатысқан Қазақстан-Эстония бизнес форумы барысында «Кедентранссервис» АҚ, «Ұлттық компания азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ, «Таллинна Садам» (Таллин порттары) және «MGT Muuga Grain Terminal OÜ» компаниялары ынтымақтастық туралы төртжақты меморандумға қол қойды.
Құжат Таллин портының инфрақұрылымын пайдалана отырып, қазақстандық астық пен майлы дақылдардың Еуропаға экспорттық тасымалдануын дамытуға бағытталған.
Мемарандум Қазақстандық экспортты дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Эстония арасындағы ауыл шаруашылығы, сауда және көлік салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қосымша серпін береді.

Жедел желі
