#

# Жаңалықтар

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

25.08.2022

2022 жылғы 20 тамызда «Кедентранссервис» АҚ бас директоры Арман Тұрлыханұлы Сұлтанов “Poti North Bulk Terminal” консорциумының басшылығымен кездесті. Хаттаманың 2-тармағын (2022 жылғы 25 шілдедегі) орындау мақсатында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығының “Poti North Bulk Terminal”консорциумының өкілдерімен, «Кедентранссервис» АҚ бас директоры Арман Сұлтанов Поти теңіз портының терминалдарын, сондай-ақ перспективалық аумақтарды көрді.

Кездесу барысында тараптар сусымалы жүктерді, металдарды, минералды тыңайтқыштарды, астық пен контейнерлерді қоса алғанда, Поти порты арқылы тасымалдаудың өсіп келе жатқан динамикасы мен болашағын атап өтті. Бұл ретте, тараптар Поти портының қолданыстағы порт терминалдарында жүктерді сақтау үшін шектеулі аумақтар бар екенін мәлімдеді.

Тараптар сондай-ақ Қазақстан мен Грузияның экспорттық-транзиттік әлеуетін іске асыру үшін Транскаспий халықаралық көлік бағыты (бұдан әрі – ТХКБ) дәлізінің қолда бар қуаттарын пайдалануға қызығушылық танытып, дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу нәтижесінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум жүк тасымалдауды дамытудағы өзара тиімді ынтымақтастықты пысықтауға және Поти портының терминалдық өткізу мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

Тараптар қысқа мерзімде, осы мәселелер бойынша жұмыс істеуге және ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін, нақты шараларды бірлесіп әзірлеуге келісті.