#

# Жаңалықтар

TransRussia/TransLogistica 2019 көліктік-логистикалық қызметтер мен технологиялардың халықаралық көрмесі.

09.04.2019

«Кедентранссервис» АҚ ағымдағы жылғы 15-17 сәуір аралығында «Крокус Экспо» Мәскеу халықаралық көрме орталығында өтетін TransRussia / TransLogistica 2019 көлік-логистикалық қызметтер мен технологиялардың 24-ші халықаралық көрмесіне қатысады.
Көрме Ресейдің, ТМД және Балтық елдерінің көлік секторының барлық өкілдерін — порттардан, темір жолдардан және экспедиторлардан бастап АТ-көлік процесін қамтамасыз етуге және жүктерді өңдеуге арналған жабдықтарға дейін жинайтын басты алаң болып табылады.
2018 жылғы көрмеге әлемнің 27 елінен 395 компания қатысты. Ұлттық экспозицияларды Беларусь, Германия, Қазақстан, Латвия, Литва, Финляндия және Эстония компаниялары ұсынды. Алғаш рет Иран мен Моңғолияның ұлттық экспозициялары ұсынылды.
Сізді 4-зал,  1-павильондағы біздің D667 стендіне келуге шақырамыз.