#

# Жаңалықтар

TRANSKAZAKHSTAN/TRANSLOGISTICA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ

01.10.2019

TransKazakhstan / Translogistica халықаралық көрмесін жыл сайын Атакент-Экспо және Iteca халықаралық көрме компаниялары ITE Group (Ұлыбритания) халықаралық әріптесімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, «Қазақстан Темір Жолы «ҰК» АҚ-ның, «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік қызметкерлері Одағының, Қазақстандық тасымалдаушылар мен вагон операторлары қауымдастығының және Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының қолдауымен өткізеді. Көрме көліктік-экспедиторлық қызмет көрсетуден бастап жүктерді сақтауға және өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдықтарға дейінгі салалық шешімдердің толық кешенін көрсетеді. «Кедентранссервис» АҚ басшылары мен мамандары TransLogistica Kazakhstan 2019 23-ші Қазақстандық халықаралық «көлік және логистика» көрмесіне қатысты, сондай-ақ көліктік-логистикалық қызметтер кешенінің өнімді ынтымақтастығын құру мақсатында қазақстандық компаниялармен және алыс және жақын шетел компанияларымен бірқатар табысты кездесулер өткізді.