#

# Жаңалықтар

Сіздерді «КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА» -TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2019 көрмесіндегі біздің стендте күтеміз!

04.09.2019

«Кедентранссервис» АҚ жыл сайынғы «КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА» — TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2019 Қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысады.

2019 жылы TransLogistica Kazakhstan Алматыда 18-20 қыркүйек аралығында «Атакент» ҚКДҚ аумағында өтеді, ол халықаралық іс-шараларды өткізу үшін ең ыңғайлы және танымал алаң болып табылады.

TransLogistica Kazakhstan-көліктік-экспедиторлық қызмет көрсетуден бастап жүктерді сақтау мен өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдыққа дейінгі салалық шешімдердің толық кешенін көрсететін Орталық Азиядағы көліктік-логистикалық қызметтер мен технологиялардың ең ірі көрмесі.

10 павильоны, 10-25 стендіне келуге шақырамыз.