#

# Жаңалықтар

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алтынкөл станциясына іссапары барысында «Кедентранссервис» АҚ-ның жүк тиейтін орындарында болды

17.09.2021

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Сауранбаев «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-на (Алтынкөл станциясы) жұмыс сапары барысында «Кедентранссервис» АҚ-ның жүк тиеу орындарында болды.

«Кедентранссервис» АҚ Бас директоры Арман Сұлтанов «Самұрық-Қазына» АҚ мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығына жүк тиеу орындарының инфрақұрылымын таныстырып, контейнерлерді қайта тиеу көлемінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

«Компанияның барлық терминалдарында жүкті қайта тиеу техникасын жөндеу және жаңарту бойынша тұрақты негізде іс-шаралар жүргізілуде, Алтынкөл станциясы бойынша жыл соңына дейін 2 жүк краны жөнделіп, пайдалануға беріледі және 2 ірі тоннажды контейнер тиегіш — ричстакер сатып алынады. Келесі жылы контейнерлерді қайта тиеу жүзеге асырылатын ірі габаритті алаңға күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда», — деп атап өтті Арман Сұлтанов.

«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Қытай – Еуропа және Қытай – Орталық Азия бағыты бойынша жүк транзитінің көлемін ұлғайту бойынша қойылған стратегиялық міндеттерге қол жеткізу үшін елдің көлік инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.