#

# Жаңалықтар

Сұлтанов А.Т. «LOGBOX» бас директорымен келіссөздер жүргізді

03.06.2021

«Кедентранссервис» АҚ бас директоры Сұлтанов Арман Тұрлыханұлы және «Logbox» (LOGBOX) ЖШҚ бас директоры Сукманов Юрий Вадимович өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегі туралы келіссөздер жүргізді.Кездесу барысында тараптар тасымалдау процесінің кейбір кезеңдерін цифрландыру, екі тараптың арматуралық платформаларын өзара пайдалану және перспективалық бағыттарда платформалардың кері жүктелуін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Келіссөзге қатысушылар тараптардың сөзсіз ашықтығы мен өзара тиімді серіктестікке және бұрын қалыптасқан вектор аясында ынтымақтастықты нығайтуға деген қызығушылығын атап өтті.

Құрметті клиенттер мен серіктестер, қызметтерді көрсетуге арналған өтінімдерді wagon@kdts.kz мекен-жайына жіберуге болатындығын еске саламыз.

Сонымен қатар, жұмыс уақытында +7 7172 94 26 26 нөмірі бойынша Байланыс-орталығы жұмыс істейдіндігін хабарлаймыз.