#

# Жаңалықтар

Құрметті клиенттер мен серіктестер!

15.09.2020

Контейнерлік тасымалдар мен көлік-экспедиторлық қызметтердің операторы ретінде «Кедентранссервис» АҚ қарапайым ақиқатты түсінеді: тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу орындары үшін басты сынақтар қысқы суық ауа райының келуімен басталады. Осы сынақтарға алдын ала дайындалмау, біздің клиенттерге ыңғайлы қызмет көрсету бойынша сұрақтарды туындатуы мүмкін.

Сондықтан Қоғамның өз клиенттерімен тиімді өзара іс-қимылы үшін және компания шаруашылығын 2020-2021 жылдардағы қысқы кезеңде жұмысқа уақтылы дайындау мақсатында ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде даярлау жөніндегі Штаб құрылды.

Сондықтан қоғамның өз клиенттерімен тиімді өзара іс-қимылы үшін және компания шаруашылығын 2020-2021 жылдардағы қысқы кезеңде жұмысқа уақтылы дайындау мақсатында ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде даярлау жөніндегі Штаб құрылды.

Штаб мүшелері келесі жұмыстарды жүргізеді:

— техникалық құралдарды, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды сапалы дайындауды қамтамасыз ету;

— кірме және Кран асты жолдарына комиссиялық тексеру жүргізу.

Біз қысқы кезеңге сапалы дайындықты қамтамасыз ету арқылы ғана біздің компания өз клиенттерімен тиімді ынтымақтаста бола алатынын түсінеміз. Әрбір құрылымдық бөлімше бір – бірімен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, ортақ мақсатқа — суық мезгілге дұрыс дайындықпен клиенттерге сапалы қызмет көрсетуді ұсынуға ұмтылады.