#

# Жаңалықтар

Өткізілген дөңгелек үстел қорытындысы бойынша «Кедентранссервис» АҚ мен түрік логистикалық «MFA Lojistik» компаниясы тұтынушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруда бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді

08.07.2022

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иран арқылы тасымалдауды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 5 шілдесінде «Кедентранссервис» АҚ түрік логистикалық «MFA Lojistik» компаниясымен бірлесіп, «ҚХР/Қазақстан-Түрікменстан – Иран – Түркия/ЕО елдерінің Оңтүстік дәлізін дамыту туралы» тақырыбында барлық қызығушылық танытқан көлік-логистикалық компаниялар мен жүк жөнелтушілер үшін бейнеконференцбайланыс арқылы дөңгелек үстел өткізді. Спикерлер ретінде «Кедентранссервис» АҚ Бас директорының сату жөніндегі орынбасары Қуат Көбенов және «MFA Lojistik» түрік логистикалық компаниясының Бас директоры Эдуард Алырзаев сөз сөйледі.

«Кедентранссервис» АҚ Бас директорының сату жөніндегі орынбасары Қуат Көбеновтың айтуынша, компания Иран арқылы барлық бағыттар бойынша контейнерлік тасымалдаудың толық қызметін ұсынуға дайын. «Кедентранссервис» АҚ терминалдық желісі өндірістік учаске ғана емес, сонымен қатар компания қызметтерінің барлық спектрін сатуды қамтамасыз етеді.

«Түрік тарапы Оңтүстік дәліз бағытында қолайлы транзиттік жағдай жасауға барынша мүдделі. Біздің компания кешенді қызмет ұсыну үшін бар күшін салады. 2021 жылы іс жүзінде компания 550 000 тонна жүк тасымалдады, ағымдағы жылы 800 000 тоннадан астам жүк тасымалын қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Темір жол тасымалдары контейнерлік тасымалдар, жартылай вагондар және жабық вагондар сияқты құрам түрлері бойынша жүзеге асырылады. Біздің компания Түркиядан/Түркияға шығыс бағытта теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау бойынша Түрік темір жолдарының (TCDD) уәкілетті операторы болып табылады», — «MFA Lojistik» түрік логистикалық компаниясының Бас директоры Эдуард Алырзаев.

Дөңгелек үстелдің басты нәтижесі үздіксіз өзгеріп отыратын нарықтық орта жағдайында «Кедентранссервис» АҚ мен «MFA Lojistik» түрік логистикалық компаниясы клиенттер үшін қызметті ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмысқа дайын екендіктерін білдірді.