#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ және «MFA Lojistik» түрік логистикалық компаниясы бірлесіп ZOOM платформасында бейнеконференцбайланыс арқылы дөңгелек үстел өткізеді

01.07.2022

Құрметті «Кедентранссервис» АҚ клиенттері мен серіктестері!

Ағымдағы жылы шілденің 5 жұлдызында сағат 15:00-де «Кедентранссервис» АҚ және «MFA Lojistik» түрік логистикалық компаниясы бірлесіп ZOOM платформасында бейнеконференцбайланыс арқылы мына тақырыпта дөңгелек үстел өткізеді:

«ҚХР/Орталық Азия – Иран – Түркия/ЕО елдерінің Оңтүстік дәлізін дамыту туралы»

Дөңгелек үстел шеңберінде «Кедентранссервис» АҚ және «MFA Lojistik» компанияларының ҚХР/Орталық Азия арасында Иран Ислам Республикасы арқылы Түркия/Еуропа бағытында және кері қарай жүк тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі әлеуетін пайдалану мүмкіндігі туралы бірлескен презентация өтеді.

Келесі бағыттар бойынша логистикалық тасымалдарды талқылауды жоспарлап отырмыз:

ҚХР/Қазақстан-Иран-Түркия/ЕО елдері

Қатысуға ынталы жүк тасымалдау қатысушылары мен экспедиторлық компаниялар өкілдерін бейнеконференцбайланыс арқылы қосылуын шақырамыз.

Дөңгелек үстелге қатысу мәселелері бойынша «Кедентранссервис» АҚ

Сату секторына хабарласуға болады:

+7 701 299 48 18

+7 701 544 62 36

Қатысу үшін өтінімдерді электронды мекенжайлар бойынша жіберулеріңізді сұраймыз:

ikairat@kdts.kz

Nurlan@kdts.kz