Жаңалықтар
«Кедентранссервис» АҚ және Gansu International Logistics Group логистикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Астана, 2026 жылғы 18 наурыз
2026 жылғы 18 наурызда Астана қаласында «Кедентранссервис» АҚ, «KTZ Express» АҚ және Gansu International Logistics Group Co., Ltd. басшылығының кездесуі өтті.
Кездесу барысында логистикалық инфрақұрылымды дамыту және экспорттық тасымалдарды ұлғайту бағытындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстаннан Қытайға астық жеткізуге арналған терминалдарды салу және жаңғырту, «ақылды терминал» шешімдерін енгізу, ауыл шаруашылығы өнімдерін Ганьсу провинциясы бағытына тасымалдауды ұйымдастыру, қытай тарапының инфрақұрылымын пайдалану, сондай-ақ мультимодальды маршруттарды дамыту және халықаралық логистиканың тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті кеңейтуге өзара мүдделілігін растады және диалогты жалғастыруға келісті. Қытай тарапы қазақстандық делегацияны бірлескен жобаларды жан-жақты пысықтау үшін Ланьчжоу қаласына шақырды.
«Кедентранссервис» АҚ халықаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытуды жалғастырып, Қазақстанның Еуразиядағы негізгі логистикалық хаб ретіндегі позициясын нығайтуда.

Жедел желі
