#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ «ҚТЖ Экспресс» АҚ компаниясымен бірге контейнерлік пойызды жөнелтті

26.09.2018

Транскаспий халықаралық көлік бағдарына жүк ағынын ұлғайту мақсатында 2018 жылғы 3 қыркүйекте «Кедентранссервис» АҚ «ҚТЖ Экспресс» АҚ компаниясымен бірлесіп Сиань – Баку (Әзірбайжан) бағыты бойынша ХТТ және автомобиль бөлшектері жүктері бар 41х40 фут контейнерден тұратын контейнерлік пойызын жөнелтті.  Пойыздың бағыты Алтынкөл шекара өткелі арқылы, содан кейін Құрық және Алят порттары арқылы Баку станциясына дейін созылады. Кишлы (Баку) станциясына келгенге дейінгі сапар уақыты шамамен 12 күнді құрайды, бұл теңіз көлігімен тасымалдауға қарағанда 15 күнге жылдамырақ болып табылады. Бағыттың жалпы ұзындығы 7 350 км құрайды.