#

# Жаңалықтар

Кедентранссервис АҚ TransRussia/TransLogistica 2018 көліктік-логистикалық қызметтер мен технологиялардың 23-ші халықаралық көрмесіне қатысуда

11.04.2018

Мәскеу қаласында «Крокус Экспо» халықаралық көрме орталығының аумағында ТрансРоссия көлік-логистикалық қызметтері мен технологияларының 23-ші халықаралық көрмесі өтуде. Көрме Ресейдің, ТМД және Балтық елдерінің көлік секторының барлық өкілдерін — порттардан, темір жолдардан және экспедиторлардан бастап АТ-көлік процесін қамтамасыз етуге және жүктерді өңдеуге арналған жабдықтарға дейін жинайтын басты алаң болып табылады.
Көрме аясында іс-шараға қатысушы бірқатар компаниялармен келіссөздер жүргізілді, контейнерлік тасымалдау бөлігінде ынтымақтастықты одан әрі дамыту және кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.
Көрмеге 300-ден астам ресейлік және шетелдік компаниялар қатысады. Ұлттық экспозицияларды 8 елдің компаниялары ұсынады: Беларусь, Германия, Қазақстан, Қытай, Латвия, Литва, Финляндия және Эстония.