#

# Жаңалықтар

«КЕДЕНТРАНССЕРВИС» АҚ-ДА ТРАНСФОРМАЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ БАСТАЛУЫ

28.06.2021

«Кедентранссервис» АҚ терминалдарының жұмыс тиімділігін арттыру» жобасының бастапқы онлайн-отырысында терминал желісіндегі трансформациялық өзгерістер мен клиенттерге қызмет көрсету мәселелерін талқылады.

Жобаны таныстыруға және Компанияны трансформациялаудағы өзекті мәселелерді талқылауға бағытталған отырыс барысында қатысушылар терминалдарды басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу, коммерциялық функциялар процестерінің тиімді моделін құру және онлайн қызметтері арқылы клиенттермен өзара әрекеттесу бойынша жоспарланған шаралардың маңыздылығы туралы пікір алмасты.

«Жоба «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Цифрлық трансформациялау» Бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Іске асыру шеңберінде енгізілетін өзгерістер негізгі процестерді оңтайландыруға және автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бұл терминалдардың өнімділігі мен тиімділігін арттырады, сонымен қатар қызметтен түсетін кірістің өсуін қамтамасыз етеді», — деді компания басшысы.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы — «Бизнесті трансформациялау орталығымен» бірлесіп өткізілген отырыстың нәтижесі бойынша болашақта Компанияның барлық терминалдарына таратылуға жоспарланған операциялық өзгерістер ресми түрде басталды.