#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ Павлодар-Оңтүстік – Достық – Ланьчжоу бағытында контейнерлік пойызын іске қосты

01.04.2022

Ағымдағы жылдың 31 наурыз күні Павлодар-Оңтүстік станциясынан 40-футтық жалпы саны 54 контейнерден тұратын күнбағыс шемекілері тиелген алғашқы контейнерлік пойыз шекарадағы Достық станциясы арқылы қытайлық Ланьчжоу станциясына  жөнелтілді. Жүктің жалпы салмағы 1 400 тоннадан астам.

«Кедентранссервис» АҚ-ның Павлодар облысы бойынша филиалының тарихында алғашқы рет Қоғамның жылжымалы құрамынан жасақталған толық контейнерлік пойыз жөнелтілді. Жүктің иесі — «Kazakh Food» ЖШС.

«Кедентранссервис» АҚ-ның Павлодар облысы бойынша филиалы тиеу-түсіру жұмыстарын, көлік-экспедиторлық және фитингтік платформалардың қызметін ұсынды. Павлодардағы филиал осы бағытта ай сайын контейнерлік пойыздарды ұйымдастыруды жоспарлайды. Болжам бойынша, межелі жеріне       7 тәулік ішінде жетеді деп күтілуде.

Айта кететін жәйт, ҚХР жағынан COVID-19 пандемиясына байланысты шектеулердің болуына қарамастан, қазақстандық экспорттаушыларға жүктерді контейнерлермен тасымалдау қолайлы әрі экономикалық тұрғыда тиімді болып тұр. Сонымен қатар, контейнерлік пойыздар жүк тасымалын контейнеризациялау үлесін көбейтуге септігін тигізеді.

«Кедентранссервис» АҚ жүктерді темір жол көлігімен жеткізу сервистерін дамытуды жалғастыруда, және жаңа экспорттық контейнерлік маршруттарды ашуға ұмтылады, қорыта айтсақ, жеткізілім көлемі мен контейнер айналымын жоғарылатуға мүмкіндік береді», — «Кедентранссервис» АҚ бас директоры Арман Сұлтанов.

«Ұйымдастырылған сервис клиентке логистикалық шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. «Кедентранссервис» АҚ-ның Павлодар облысы бойынша филиалының потенциалы жүкті жылдам жөнелту мен тиеу-түсіру қызметтерін толықтай көрсетуге жетеді. Павлодар аймағында филиал 20 жылдан астам қызмет көрсетеді. Осы уақыт ішінде көлік мәселелерін шешуде зор тәжірибе жинап, көптеген іскери серіктестерге жолықтық. 31 наурызда «ҚТЖ — ЖҮК тасымалы» акционерлік қоғамының — «ГП Павлодар бөлімшесі» филиалымен тығыз жұмыс жасай отырып, ҚХР-на экспорттық жүкті жөнелттік»,- «Кедентранссервис» АҚ-ның Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Дәурен Асанов.