#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің ерлігін мәңгі жадында сақтайды

09.05.2022

Ұлы Отан соғысы – еліміздің тарихындағы ең қайғылы кезеңдердің бірі, соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиды. Қазақстандық жауынгерлер барлық майданда ерлікпен шайқасып, асқан ерлік пен батырлық көрсетті.

«Кедентранссервис» АҚ ұжымы Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанымыздың бостандығын қорғап қалған ерен ерлерді еске алып, рухына тағзым етеді.

9 мамыр — Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің өшпес ерліктерін еске алу күні еліміздің аспаны әрдайым ашық болсын!

ҰОС аяқталғанына биыл 77 жыл толып отыр, сұрапыл шайқаста асқан ерлікпен қаза тапқан батырларымыз мәңгі есімізде және ұмытылмайды!

«Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің туыстары қатарынан ҰОС ардагерлері мен қатысушылары:

  • Мажий Буккутович Киргабаков (1924-1979) – Ұлы Отан соғысына қатысушы, «Ерлігі үшін» медалімен және ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған, жүк тиеуші Күнжетай Қырғызабақовтың әкесі
  • Қалымғазы Ардабайұлы Ардабаев (17.02.1924 – 30.07.1989) — еңбек ардагері, кадр мәселелері жөніндегі бас маман Әсел Ерболқызы Қалымғазинаның әкесі тарапынан атасы
  • Мадинагуль Қонақбайқызы Ардабаева (01.01.1923 – 13.02.2011) — тыл еңбеккері, Әсел Ерболқызы Қалымғазинаның әкесі тарапынан әжесі
  • Зинаида Яковлевна Лаукерт (19.03.1930) – Ұлы Отан соғысының ардагері, 1930 жылы 19 наурызда туған, Алматы КФ кран машинисі Светлана Романовна Пленскаяның анасы.
  • Жағыпар Кайларов (1920-1941) — Ұлы Отан соғысына қатысушы, қабылдаушы-тапсырушы Гүлзира Самажанқызы Тойлыбаеваның әкесі. Ұлы Отан соғысы жылдарында Гатчин, Санкт-Петербург маңында қаза тапқан жауынгерлердің қабірлері табылды және 2020 жылдың 17 қыркүйегінде Ж.Кайларов туған жерінде Жетіген ауылында қайта жерленді.
  • Байділдә Байболов (1899-1993) — Ұлы Отан соғысының ардагері, 1941-1943 жылдары 101 дивизияның құрамында шайқасқа қатысты, кран машинисі Байболов Серік Байділдәұлының әкесі
  • Өкен Нұрғожаұлы Нұрғожаев (1925-2010) — пулемет взводының командирі, сату жөніндегі менеджер Қарлығаш Қалмырзаеваның атасы. Нұрғожаев Ө. орден және медальдармен марапатталған.
  • Момбай Игенбердинов (1909-1991) — Ұлы Отан соғысының ардагері, кадр мәселелері жөніндегі бас маман Қалымғазина Әсел Ерболқызының анасы тарапынан үлкен атасы.
  • Қалихан Болатханов (08.09.1935) — тыл еңбеккері, кадр мәселелері жөніндегі бас маман Калымгазина Әсел Ерболқызының анасы тарапынан атасы.

«Кедентранссервис» АҚ еншілес кәсіпорны — «Қазақстан көлік холдингі» ЖШС қызметкерлерінің туыстары қатарындағы ҰОС ардагерлері мен қатысушылары:

  • Мусин Хаким Мусаевич (1906-1949) — Ұлы Отан соғысына қатысушы, 10 гвардиялық бөлімнің 205-атқыштар полкінің құрамында шайқасқа қатысты, «Транспортный холдинг Казахстан» ЖШС жүк терминалы бастығының атасы Майлин станциясы (Лисаковск, Қостанай облысы) Туганова Фарида.
  • Махмуд Салтанұлы Туганов (1925-1978) — Ұлы Отан соғысына қатысушы, 71-атқыштар бөлімінің құрамында шайқасты, Майлин станциясының (Лисаков, Қостанай облысы) монтері Хамит Тугановтың әкесі.