#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ ҚХР өзінің өкілдігін ашты

05.04.2012

«Кедентранссервис» көлік-логистикалық компаниясы Қытай Халық Республикасында өкілдігін ашты. Компанияның шетелдік кеңсесі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында, Үрімші қаласында орналасқан.

Кедентранссервис аймақтағы өзінің қатысуын қытайлық серіктестермен ірі іскерлік кездесу ұйымымен мәлімдеді. Ашық диалогқа 50-ден астам компания қатысты: жүк жөнелтушілер, экспедиторлар және ҚХР терминалдық опреаторлары, соның ішінде CRIMT, China Shipping, COSCO, SinoTrans, DB Schenker, «Рейль-Контейнер», Үрімші мультимодальдық компания.

Қытайлық экспедиторлар «Достық»шекара өткелі арқылы контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру бойынша кешенді сервиске ерекше қызығушылық танытып отыр. «Кедентранссервис» АҚ президенті Эдиль Искаков серіктестерге мұндай қызмет — бұл әркімге ыңғайлы және қолжетімді ең заманауи сервис екенін хабарлады. «Біз бірқатар маршруттар құрдық, тарифтік мөлшерлемелер мен жүктің өту уақытын есептедік. Қазақстан аумағында алғаш рет осы тасымалдарды жүзеге асыру үшін жекеше Вагон паркі пайдаланылады. Осының барлығы Қытайдан Орталық және Орта Азия, Ресей және Еуропа елдеріне жүктерді жылдам жеткізуге мүмкіндік береді. «Достық» станциясынан Германияға дейін жеткізу ме