#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ-да қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шахматтан турнир өтті

13.12.2021

Өткен сенбі, 11 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Кедентранссервис» АҚ қызметкерлері арасында шахматтан турнир өткізілді. Турнир lichess.org сайтында онлайн режимде өтті.

Бір партия 20 минутқа созылатын классикалық шахмат ережесі бойынша турнирде жүйе автоматты түрде турнирлік ұпайлар саны бойынша жақын қарсыластарды таңдап алды, жалпы алғанда 15 партия ойналды, оның қорытындысы бойынша:

1 орынды қосалқы құрамды есепке алу, жөндеу және пайдалану секторының менеджері — Дюсюков Ерлан Альтаевич иеленді;

2 орынды қосалқы құрамды есепке алу, жөндеу және пайдалану секторының менеджері — Тұрғанов Әскербек Әбдіраманұлы иеленді;

және 3 орынды Шығыс Қазақстан облысы филиалының ЕҚ, ҚТ, АҚ және ТЖ инженері — Ділданов Жігер Әнуарбекұлы иеленді.

Сонымен қатар, 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында турнир жеңімпазына естелік сыйлық ұсынылады.