#

# Жаңалықтар

Кедентранссервис» АҚ Алматы филиалының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама түсіндірілді

26.11.2021

Бүгін Алматыдағы филиалда қаланың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ақпараттық-ағартушылық штабының өкілдері қатысқан жиналыс өтті. Кездесудің мақсаты — компания қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, адалдық, парасаттылық құндылықтарын насихаттау.

Кездесу Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпараттық-ағартушылық штабының басшысы Саят Сергеевич Балғымбаев мырзаның сөзінен басталды, ол ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұмысының негізгі бағыттары туралы, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратпен бөлісті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оның көріністерінің туындау мүмкіндігін алдын алу жұмысының маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ осы бағыттағы жұмысты бірлесіп жалғастыруды ұсынды және барлық қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға шақырды.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларды адалдыққа, парасаттылыққа, әдептілікке және компания мен мемлекеттің мүдделеріне қызмет етуге, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға шақырды.