#

# Жаңалықтар

«КЕДЕНТРАНСЕРВИС» АҚ БАКУ ПОРТЫНМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ

17.03.2023

Биылғы жылы «Кедентранссервис» АҚ «Баку халықаралық теңіз сауда порты» ЖАҚ-мен жемісті ынтымақтастық орнатуға дайын. Қазіргі уақытта тараптар келесі мәселелер бойынша жұмыс істеуде:

— паритеттік негізде бірлескен кәсіпорын құру;

— Ақтау және Алят порттарында терминалдық қызмет көрсетумен (әр портта бір жұмыс істейтін жалпы жүк айлағын пайдаланумен және екінші кезеңде жаңа терминалдық қуаттарды одан әрі дамытумен) ынтымақтастық.

Жыл басынан бері іскерлік кездесулер мен телефон арқылы сөйлесулердің нәтижелері бойынша тараптар көлік-логистика саласындағы әріптестікті одан әрі нығайту бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.