#

# Жаңалықтар

Футзалдан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігнің 30 жылдығына арналған «Кедентранссервис» АҚ ашық кубогы өткізілді

14.12.2021

Өткен жексенбі, 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған футзалдан «Кедентранссервис» АҚ ашық кубогы өтті. Жеңіс үшін алаңда 4 команда өз ойындарын көрсетті: «Қазтеміртранс» АҚ, «KTZ Express» АҚ, «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС және «Кедентранссервис» АҚ.

Кубоктың ашылуында «Кедентранссервис» АҚ бас директоры Арман Сұлтанов құттықтау сөз сөйлеп, барлық командаларға сәтті ойын тілеп, салауатты өмір салтын насихаттау және «ҰК «ҚТЖ» АҚ еншілес компанияларының қызметкерлері арасында корпоративтік рухты сақтау мақсатында мұндай спорттық шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Шешуші кездесуде пенальтилердің нәтижесінде «Қазтеміртранс» АҚ командасы жеңіске жетіп, кубок иегері атанса, екінші және үшінші орындарды тиісінше «Кедентранссервис» АҚ мен «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС командалары иеленді. Ойындардың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған командалар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Бұл ретте алдағы уақытта басқа да спорт түрлері бойынша осындай спорттық шараларды өткізуге болады. Қоғамдағы ішкі байланыстарды жақсарту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында орталық аппараттың да, филиалдардың да қызметкерлері арасында түрлі спорттық іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады.