#

# Жаңалықтар

Қазақстанның экспорттық жүктері бар алғашқы жүк пойызы

25.08.2023

Қазақстанның экспорттық жүктері бар алғашқы жүк пойызы көп ғасырлық достық рухына және Мемлекет басшысының Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмонның республикаға сапары аясында ауыл шаруашылығы және көлік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту қажеттігі туралы тапсырмасына сүйене отырып, Қазақстанның 2023 жылғы 25 тамызда «Кедентранссервис» АҚ Тәжікстан бағытында Қостанай станциясынан экспорттық жүктері бар алғашқы жүк пойызын және Қытайдан Тәжікстанға бірінші транзиттік контейнерлік пойызды жөнелтті.

2 мың тоннадан астам ұн, мыңдаған майлы дақылдар мен 2 мың тонна халық тұтынатын тауарлар жөнелтілді.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы
арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 20 пайыздан астам өсіммен 1,4
миллиард АҚШ долларын құраған.

Бұл ретте теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемінің тұрақты өсуі
байқалады. 2022 жылы Қазақстан мен Тәжікстан темір жолдарының
қатысуымен жүк тасымалдау көлемі 4 миллион тоннадан астам болса, 2023
жылдың қаңтар-шілдесінде 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17
пайызға артып, шамамен 2,7 миллион тоннаны құрады.

Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымының
жыл сайынғы өсуін ескере отырып Тәжікстан Республикасы Хатлон
(Тәжікстан) стансасында Тәжікстанның оңтүстік аймақтарынан келетін
жүктерді біріктіруге және Қазақстаннан экспорттауға мүмкіндік беретін көлік-
тарату орталығын құру арқылы бірлескен кәсіпорын ашуды жоспарлап отыр.
Жоба азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді, ауыл
шаруашылығы тауарын өндірушілердің барлық экспорттаушылары үшін қойма
және сауда алаңын қамтамасыз етеді және тұтастай алғанда сауда-
экономикалық қатынастарды нығайтуға қосымша серпін береді.