#

# Жаңалықтар

Астана қаласында Орталық аппарат қызметкерлері арасында Спартакиада өтті

14.12.2018

Астана қаласында «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық аппаратының, филиалдары мен еншілес ұйымдарының қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Спартакиада өтті. Жарысқа футбол, баскетбол, шахмат, бильярд, волейбол сияқты спорт түрлерінен Астана қаласының теміржол ұйымдарының өкілдері-26-дан астам команда қатысты. Турнир қорытындысы бойынша бірінші орын үшін диплом «Кедентранссервис» АҚ командасына берілді. Турнир ұйымдастырушылары атап өткендей, мұндай спорт түрлері теміржол ұйымдарының қызметкерлері арасында кеңінен тараған.