#

# Жаңалықтар

Алтай өлкесінен Қытайға алғашқы контейнерлік пойыз жөнелтілді

31.10.2018

«Кедентрассервис» АҚ 2018 жылғы 23 қазанда Батыс Сібір темір жолының Барнаул станциясынан Достық шекара өткелі арқылы Үрімші қаласына баратын «TRUST Flexitanks» қаптамасын пайдалана отырып, күнбағыс және рапс майы тиелген бірінші контейнерлік пойызды жөнелтті.
82 контейнерлі контейнерлік пойыз бекітілген кесте және жолаушылар қозғалысына ұқсас бағыт бойынша жөнелтіледі, бұл жүкті ыңғайлы және үнемді жеткізуді қамтамасыз ете отырып, жүру жолындағы аялдамалардың ұзақтығын қысқартады.