Жаңалықтар
Алматы қаласында «Көлік және Логистика» -TransitKazakhstan 22 — ші мерейтойлық көрмесі мен конференциясы өтуде
Алматы қаласында халықаралық іс-шараларды өткізу үшін ең қолайлы және танымал алаң болып табылатын «Атакент» мамандандырылған көрме орталығының аумағында «Көлік және Логистика» -TransitKazakhstan 22 — ші мерейтойлық көрмесі мен конференциясы өтуде.
2018 жылы Transitkazakhstan экспозициясы Беларусь, Германия, Қазақстан, Қытай, Латвия, Литва, Ресей, Өзбекстан, Украина, Финляндия және Эстониядан келген 100-ден астам компанияны ұсынады. «Кедентранссервис» АҚ TransitKazakhstan 22 көрмесіне арналған халықаралық көлік-логистикалық конференциясына қатысты, сондай-ақ конференцияға темір жолдардың, порттар мен терминалдардың 100-ден астам басшылары, теміржол операторлары, сондай-ақ көлік, логистика және экспедиторлық компаниялар мен жүк тасымалдаушы компаниялар қатысты.
TransitKazakhstan көрмесі — бұл жыл сайын Қазақстан өңірлерінен, ТМД елдерінен және шетелден жетекші мамандарды тартатын көлік қызметтерінің алаңы. Іс-шара барысында қазіргі серіктестермен және әлеуетті тапсырыс берушілермен бірқатар кездесулер өткізілді. ЕО елдерінен Қазақстан, Қытай, Орта Азия бағыттарына бағдарлардың алғышарттары қалыптастырылды. Достық ст. терминалында қызмет көрсету бойынша шарттар жасалды.

Жедел желі
