#

# Жаңалықтар

Құрметті клиенттер мен серіктестер!

04.09.2020

«Кедентранссервис» АҚ өндірістік активтерін жаңарту бойынша жоспарлар шеңберінде «ЗИКСТО» АҚ жылжымалы құрамның отандық өндірушісінен 80 футтық фитингтік платформалардың 300 бірлігін сатып алу жүзеге асырылғаны жайлы қуана хабарлаймыз.

«ЗИКСТО» АҚ өндірісінің вагондары Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне және «Кедентранссервис» АҚ техникалық-пайдалану талаптарына сәйкес келеді, бұл сатып алынған вагондарды Еуразиялық кеңістіктің, ТМД мен Қытайдың перспективалық бағыттары бойынша транзиттік және экспорттық тасымалдарға пайдалануға мүмкіндік береді.

«Кедентранссервис» АҚ республикаішілік және транзиттік қатынаста жүк және контейнерлік тасымалдар сервисін жақсарту мақсатында жүк вагондары паркін жаңартуды жалғастырады.

«Кедентранссервис» АҚ баспасөз қызметі