#

Жүк терминалдарының қызметтері

#

«Кедентранссервис» АҚ ең ірі терминалдық оператор болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық ірі өңірлерінде ұсынылған.

Компанияның дамыған кірме жолдары жүктер мен контейнерлерді тиеудің-түсірудің жедел процесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Көпжылдық тәжірибе мен білікті кадрлар клиенттерге терминал қызметтерінің толық спектрін ұсынуға ықпал етеді:

— жүктер мен контейнерлердің тиеу-түсіру операциялары

— вагонды беру / жинау, сұрыптау

— жүктер мен контейнерлерді сақтау

— кедендік декларациялау және кедендік тазарту

— УСҚ қызметтері

— жүктерді авто-жеткізу

— барлық жүру маршрутына тасымалдау құжаттарын ресімдеу

— жүктерді шоғырландыру және маршруттық блок-поездарды ұйымдастыру

— ашық жылжымалы құрамда жүктерді бекіту схемаларын әзірлеу.

Кедендік операцияларды жасау үшін құжаттарды алумен және/немесе байланысты қызметтерді көрсету бойынша жұмысты оңтайландыру мақсатында «Жібек Жолы» кеден-брокерлік орталығы ЖШС және «Акцепт-Терминал»АҚ-мен агенттік шарттар жасалды.

Көлік-экспедиторлық қызметтер бойынша компанияның ірі клиенттері «РЖД Логистика» ААҚ, «Seojoong Kazakhstan» ЖШС, Taewoong Logistics Co.LTD, Bravis Alliance LTD, Orieng Multimodal Transportation (Shanghai).

Компанияда өндірістік процестердің тігінен интеграцияланған құрылымы құрылған, бұл клиенттерге жүк терминалдары қызметтерінің толық спектрін тиімді көрсетуге мүмкіндік береді.

#