Жаңалықтар

Астана станциясының терминалында 1000-шы контейнерлік пойыз өңделді.

1000-шы контейнерлік пойыз Астана станциясының терминалында өңделді («ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «Кедентранссервис» АҚ басқарады). Бұл маңызды көрсеткіш астананың логистикалық хабының рөлінің артуын және тасымалдау процесін тиімді ұйымдастыруды растайды.
Терминал халықаралық транзиттік тасымалдарға қызмет көрсетеді және Қытай-Қазақстан-Ресей-Беларусь-Еуропа бағытындағы жүк ағындарын қайта бөледі. Пойыздарды уақтылы қайта тиеу ҚТЖ желісіндегі бос вагондар жүрісін азайтады, инфрақұрылым сыйымдылығын арттырады және Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

‹ Барлық жаңалықтар

Самрұқ-Қазына e-Otinish