#
#

# Жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей стратегиялық көлік әріптестігінің нәтижесі — 1 000 000-шы ЖФЭ

26.07.2026

Омбы қаласында Ресей – Қазақстан – Қытай бағыты бойынша миллионыншы контейнерді салтанатты жөнелту рәсімі өтті. Іс-шара Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумы аясында екі елдің мемлекет басшыларының қатысуымен ұйымдастырылды.

1 000 000-шы ЖФЭ – Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық көлік әріптестігінің және көлік-логистикалық ынтымақтастықтың табысты дамуының нақты нәтижесі.

Соңғы жеті жыл ішінде Ресей – Қазақстан – Қытай бағыты Еуразия кеңістігіндегі негізгі контейнерлік дәліздердің біріне айналды. Инфрақұрылымды жүйелі дамыту және транзиттік әлеуетті кеңейту жөніндегі жоспарлы шаралар нәтижесінде 2019 жылдан бері аталған бағыттағы контейнерлік тасымал көлемі 27 есеге артып, 2019 жылғы 11 мың ЖФЭ-ден
2025 жыл қорытындысы бойынша 301 мың ЖФЭ-ге жетті.

Мемлекет басшыларының уағдаластықтарын іске асыру аясында Қазақстан мен Ресей көлік инфрақұрылымын дамыту, көлік-логистикалық әлеуетті кеңейту және халықаралық көлік дәліздерінің тиімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. Бұл өз кезегінде екі елдің Еуразияның халықаралық көлік жүйесіндегі стратегиялық ұстанымдарын нығайтуға ықпал етеді.