#
#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ өкілдері халықаралық контейнерлік тасымалдарды дамыту мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты

26.05.2026

«Кедентранссервис» АҚ өкілдері «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ делегациясының құрамында 2026 жылғы 19–21 мамыр аралығында Санкт-Петербург қаласында өткен 2026–2027 жылдарға арналған халықаралық қатынаста жүк және контейнерлік пойыздарды қалыптастыру мәселелері бойынша Достастыққа қатысушы мемлекеттердің теміржол әкімшіліктері уәкілетті өкілдерінің кеңесіне қатысты.
Кеңесте халықаралық көлік бағыттарын жетілдіру, халықаралық контейнерлік пойыздардың тізімдерін жаңарту, вагон ағынын басқару тиімділігін арттыру және теміржол логистикасындағы цифрлық шешімдерді одан әрі дамыту мәселелері қарастырылды.