#
#

# Жаңалықтар

Алматы қаласындағы «ZHETYSU» терминалы – электрондық коммерция орталығы

27.11.2025

«ZHETYSU» — бұл 9,8 га аумақтағы заманауи инфрақұрылым: алаңы 23 мың м² А және В санатындағы қоймалар, қуаттылығы 115 мың ЖФЭ контейнер алаңы, сұрыптау, түсіру және шоғырландыру аймақтары. Терминал Қазақстандағы электрондық коммерцияның тұрақты инфрақұрылымын қалыптастырады.

Халықаралық бағытты дамыту аясында Temu, Pinduoduo, Taobao, 1688 және JD.com платформаларымен жұмыс істейтін трансшекаралық e-commerce логистикалық жетекші қытайлық оператор Silk Road Yuntuo (Xi’an) компаниясымен келісім жасалды.  Yuntuo құрылымына Қазақстан аумағында қытай онлайн-платформалары үшін «соңғы миль» қағидаты бойынша жеткізуді қамтамасыз ететін Jana Post курьерлік қызметі кіреді. Терминалда Silk Road Yuntuo мен Jana Post операциялық процестеріне 11 500 м²-ден астам қойма алаңы бөлінген.

Қойма кешені көпқабатты стеллаж жүйелерімен, автоматтандырылған сұрыптау желілерімен, конвейер кешендерімен, арнаулы сақтау жүйесімен, жоғары жылдамдықтағы тиеу-түсіру аймақтарымен және тәулік бойғы бейнемониторингпен жабдықталған. Бұл жабдық операциялар ашықтығын, жүктің дәл бөлінуін және барлық кезеңде жоғары жылдамдықта реттелуін қамтамасыз етеді.

Бүгінде «ZHETYSU» — жылдамдықтың, технологиялықтың және тұрақты дамудың жаңа стандарты. Терминал электрондық коммерция мен халықаралық жүк ағындарын тартатын  маңызды орталыққа айналып келеді.