#
#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» – Таза Қазақстан үшін!

14.10.2025

 

Республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Кедентранссервис» АҚ еліміздің барлық өңірлеріндегі қызметкерлері ағаш отырғызу бойынша экологиялық акцияға белсенді түрде қатысты.

Компанияның 850-ден астам қызметкері ағаш отырғызуға шығып, Астана, Алматы, Семей, Өскемен, Ақтөбе, Орал, Атырау, Павлодар, Шымкент, Қостанай, Көкшетау қалаларында, сондай-ақ Достық, Алтынкөл станцияларында орналасқан филиалдар, терминалдар мен өндірістік алаңдар аумағында 1600 түп ағаш отырғызды.

Бұл акция корпоративтік бірліктің, экологиялық жауапкершіліктің және Қазақстанның таза әрі жасыл болашағына деген ұмтылыстың нышанына айналды.

«Кедентранссервис» АҚ экологиялық эстафетаны «ВЖДО» ЖСШ-ке табыстайды.

Елімізді бірге көгалдандырайық!