#
#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ «TransLogistica Kazakhstan 2025» көрмесіне қатысу қорытындыларын шығарды

03.10.2025

2025 жылғы 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Алматы қаласында Орталық Азиядағы көлік-логистика саласына арналған ең ірі мамандандырылған алаң — «TransLogistica Kazakhstan 2025» халықаралық көрмесі өтті.

Көрменің тұрақты қатысушысы «Кедентранссервис» АҚ дәстүрге сай негізгі жобалары мен қызмет түрлерін таныстырып, отандық және шетелдік серіктестерімен бірқатар іскерлік кездесулер өткізді.

Бірлескен жобалардың болашағын талқылауға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Компания үшін көрмеге қатысу іскерлік байланыстарды нығайтудың маңызды қадамына айналып, ұзақ мерзімді және әрі өзара тиімді серіктестікті дамытуға деген ұмтылысын растады, сонымен қатар «Кедентранссервис» АҚ халықаралық беделін арттыруға да өз үлесін қосты.