Жаңалықтар
30 қыркүйекте Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі мамандандырылған алаң – «TransLogistica Kazakhstan – 2025» халықаралық көлік-логистикалық көрмесінің бірінші күні ашылды
30.09.2025
Көрмеге көлік саласының, логистикалық компаниялардың, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері жиналды.
Бірінші күні халықаралық көлік дәліздерін дамытуға, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға, логистикада цифрлық шешімдерді енгізуге қатысты негізгі мәселелер талқыланды.
Дәстүрлі түрде «Кедентранссервис» АҚ жыл сайын «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) Ұлттық стендіндегі көрмеге қатысып, өз жобалары мен жетістіктерін ұсынады. Компания контейнерлік тасымалдау, терминалдық және мультимодальдық логистикадағы заманауи шешімдерді көрсетіп, еліміздің көлік-логистикалық жүйесін дамытуға елеулі үлес қосады.

Жедел желі
