#
#

# Жаңалықтар

TransLogistica Kazakhstan 2025» көрмесіне шақырамыз

22.09.2025

«Кедентранссервис» АҚ серіктестері мен әріптестерін 2025 жылғы 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» көрме кешенінде (Тимирязев көшесі, 42) өтетін 28-ші Қазақстандық халықаралық «TransLogistica Kazakhstan 2025» көрмесіне қатысуға шақырады.

TransLogistica Kazakhstan –жыл сайын көлік, қойма және мультимодальды логистика, сондай-ақ жеткізу тізбектерін цифрландыру бойынша кешенді шешімдер ұсынатын Орталық Азиядағы ең ірі мамандандырылған алаң.

Іскерлік бағдарлама аясында мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен бизнес өкілдерінің басын қосатын «New Silk Way» бизнес-форумы өтеді. Қатысушылар халықаралық көлік дәліздерін дамыту, транзиттік әлеуетті арттыру, сондай-ақ Жаңа Жібек жолы кеңістігіндегі логистикалық инфрақұрылымды цифрлық түрлендіру мен жаңғырту мәселелерін талқылайды.

*«TransLogistica Kazakhstan 2025» көрмесіне тегін билет алу үшін TPA8ERUSPV промо-кодын пайдаланыңыз.