Жаңалықтар

Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Кедентранссервис» АҚ және Sichuan Port and Shipping Investment Group Co., Ltd. көлік және логистикалық инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
2025 жылғы 12 тамызда Астанада Бас директордың орынбасары Ли Линьман ханым басқарған SPSI Cloud Port өкілдерімен іскерлік келіссөздер өтті. Қазақстан тарапынан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Ерлан Хамардинұлы Қойшыбаев пен «Кедентранссервис» АҚ Бас директоры Елнар Ерікұлы Жұматаев қатысты.
Келіссөздер барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық көлік дәліздері мен логистикалық тізбектерді дамыту мәселелерін талқылады.
Қазақстандық тарап көлік-логистикалық хабтарды құру бойынша халықаралық терминалдық жобаларды дамытудың кешенді картасын ұсынды.
SPSI Cloud Port компаниясы Сычуань провинциясында (ҚХР) порттар салу және пайдалану, логистикалық экожүйелер дамыту, активтерді басқару және жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибелерімен бөлісті.
Күн тәртібінде Чэнду қаласында (ҚХР) астық хабын салу жөніндегі бірлескен жобаны іске асыруға жеке тармақ берілді. Халықаралық көлік-логистикалық тізбектерге интеграцияланған астық жүктерін қабылдау, сақтау және ауыстырып тиеу үшін заманауи кешен құру жоспарлануда.
Жобаны іске асыру Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттау жылдамдығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар ынтымақтастықтың нақты бағыттарын одан әрі пысықтауға дайын екендіктерін растады және бірлескен жобаларды іске асыру жолында маңызды қадам болып табылатын ынтымақтастық туралы меморандумда келісімдер бекітуге ниет білдірді.